«Сіздердің сенімдеріңіз әр уақытта да мені қанаттандырады. Сенім мен күш сыйлайды. Қазір де барлық жауапкершілікпен бұған дейінгі жылдардағыдай халыққа адал қызмет етеіндігіміді, елді қорғайтындығымды, барлық біздің азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартатындығымды атап өткім келеді. Біздің жалпыұлттық мүддемізді қорғайтын боламын», — деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар Елбасы 26 сәуірде өткен президенттік сайлау Қазақстан халқының ұйымшылдығын, ауызбіршілігін және болашаққа ұмтылысын паш еткендігін баса айтты. «Біз — бір отбасымыз, бізде бір Отан бар, ол — Қазақстан Республикасы. Біздің әрқайсымыздың тағдырымыз — Қазақстанның тағдыры», — деді Ұлт көшбасшысы.