БҚО-да су басқан 380 үй жарамсыз деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да су басқан 380 үй жарамсыз деп танылды

БҚО-да су басқан 380 үй жарамсыз деп танылды

Құлаған үйлердің орнына жаңасы салынады.

  • 19 Сәуiр
  • 11
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысында 1286 тұрғын үйді су басса, соның 380-і жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  24KZ арнасына сілтеме жасап.

 Ал су алған 2994 саяжай учаскесіндегі тексеру-бағалау жұмыстары тасқынның беті қайтқан соң жүргізілмек. Жайық өзенінің жайылмасындағы бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өзен деңгейі соңғы тәулікте 2 сантиметрге өсіп, бүгін 781 сантиметрді құрады.

Жайықтың жайылмасында 55 бау-бақша серіктестігі болса, онда  10 мыңдай адам тұрақты мекендесе, қазір ол үйлердің барлығы дерлік суға кетті. Су кейбір үйлердің шатырынан келіп тұр.

Өңірде 2994 саяжай телімін су басқан.

 «Бұл бағытта кеше ғана үкіметтің отырысы өтті. Әр өңірден ұсыныстар алып жатыр. Осы саяжай бойынша біз өз ұсынысымызды жолдадық. Бүгін-ертең шешім қабылдағасын жалпы жариялап айтуға болады. Енді түсінікті, жағдай қиын. Бір ереже шыққасын толық айта аламыз. Ешкім көмексіз қалмайды», — деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұқамбетов.

 Облыс орталығы мен 4 ауданда 1286 үйді су алса, соның 380-і жарамсыз деп танылған. Құлаған үйлердің орнына жаңасы салынады. Бірақ ол үйлердің орны топографиялық зерттеулердің қорытындысына сәйкес анықталмақ.

Соңғы жаңалықтар