Назима Жәнібекова БАҚ өкілдеріне берген сұхбаттарында 91 тобының жанкүйері екенін бірнеше рет айтқан.
23 тамыз күні Шымкент қаласында 91 тобының кеші өтетінін білген Назима Жәнібекова, Black Star лейблінің атынан Juz Entertainment компаниясына концертке қатысу туралы өтініш білдірген.
Шымкент қаласының тумасы Назима Жәнібекова сүйікті тобымен бірге “Қайтадан” атты әнін шырқап, концертке жиналған қауымды қуантты.
“Бұл — бақыт. Біз жігіттермен бірге концертте тосын сый ұйымдастырғымыз келді. Ол өте сәтті шықты. Жиналған қауым бізді жылы қарсы алып, жібермеді. Мен ризамын, барлығыңызды жақсы көремін ”, — деді әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.
Өз кезегінде 91 тобы мен Назима Жәнібекованың жанкүйерлері әлеуметтік желілерде өнер адамдарына тосын сый үшін алғыстарын айтуда. “Шымкентте осындай ерекше бірнәрсе болатынын сезгенмін”, “Осындай қарқынмен жақында олар Шакира мен де өлең айтып қалады”, “Назима қандай бақытты” деп жазды 91 тобының жанкүйерлері.