"Блогер ханым хайп қуып жіберді, олардың әдеті": Нұрболат Абдуллин өзін айыптаған блогерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Блогер ханым хайп қуып жіберді, олардың әдеті": Нұрболат Абдуллин өзін айыптаған блогерге жауап берді

"Блогер ханым хайп қуып жіберді, олардың әдеті": Нұрболат Абдуллин өзін айыптаған блогерге жауап берді

Блогер Мөлдір Анарбаева 5 желтоқсан күні Нұрболат Абдуллиннің Тараз қаласында концерті өткен кезде оны “кербез” екен деп сын айтқан болатын. 

  • 7 Желтоқсан 2022
  • 121
Фото - Caravan.kz

Нұрболат Абдуллин өзіне сын айтқан блогерге жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Блогер ханым жалпы хайп қуып жіберді, олардың әдеті. Концерттен кейін келді фотоға түсті, мәз-майрам боп кеткен негізі. Кейін басқаша әңгіме айтылыпты. Жалпы сахнада мен бір адаммен емес барлығымен жұмыс жасаймын. Кімнің баласы болса да оғаш қылық көрсеткенім жоқ. Келді, биледі, кетті. Ұрған жоқпын, ұрасқан да жоқпын. Негізінде сахна мәдениетінде әртіспен жағаласу мәдениетке жатпайтынын біле жүріңіз. Тіпті гүл берудің де өз мәдениеті бар. Мен өз позициямды ұстадым. Сондықтан ара-жігін ажыратып барып сөйлегеніңіз дұрыс!", — деп жауап берді Нұрболат Абдуллин.


 

Соңғы жаңалықтар