Жарияланды: 50

Блогер қаңғыбасқа тіс жуғыш пастасы қосылған печенье беріп мазақ еткен

Блогер қаңғыбасқа тіс жуғыш пастасы қосылған печенье беріп мазақ еткен

ReSet лақап атымен белгілі испандық блогер-миллионер Кангуа Рена қаңғыбас адамды мазақ еткені үшін түмеге түсуі мүмкін.

Пранкер печеньеге тіс жуғыш пастасын жағып қаңғыбасты екі рет тамақтандырған. Соның салдарынан қаңғыбас ауырып, денсаулығы нашарлаған.

Бірінші жағдай 2017 жылдың қаңтар айында болған. Рен Георге есімді азаматқа жақындап, печенье береді. ол пееньені жегенше блогер видеоға түсіріп, мазақ еткен.

«Менің ісім сіздерге ұнамайтын шығар. Бірақ ол тым болмағанда тісін жуып алсын деп тұрмын. Оның соңғы рет қашан тіс тазалағанын кім білсін», – дейді блогер.

Видео желіде көп қаралып, талқыға түсті.

«Адамдар қаңғыбастарға жазалған әзілді ауыр қабылдайды. Егер тіс жуғыш пастаны сау адамға бергенде, олай уайымдамас еді», – дейді Рен.

Ол қаңғыбасқа екінші рет келіп, печенье ұнады ма деп сұраған.

Үшінші рет досы екеуі келіп, тағы бір ролик түсірмек болғанда куәгердің бірі полициға хабарасқан.

Өзіне қауіп төнгенін білген блогер қаңғыбасқа 300 евро ( 120 мың теңге) беріп істі жаппақ болған.  Алайда Георге одан бас тартады.

Сот ісі барысында блогердің жарнамадан 2 мың евро көлемінде ақша тапқаны белгілі болды. Жәбірленуші жақ блогердің екі жыл түрмеге жабылып, сонымен бірге 30 мың евро өтемақы төлеуін талап етуде.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстан президенті Үкіметті отставкаға жіберді

Геннадий Головкин 5 мамырда америкалық боксшымен жұдырықтасады

Әлемдегі ең сұлу әйел анықталды

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть