Бағдарлама кәсіпорынды көмір өндірудің жаңа технологияларына көшіру барысын жеделдетеді деп күтілуде. Мәселен, 2015-жылы кәсіпорын көмір өндіру және оны тиеудің циклді-ағынды технологиясына ден қоюды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде қазір тұтынушылар арасында сұранысқа ие болған күлділік көрсеткіші 43 процентті құрайтын, орташа сапалық деңгейдегі көмірмен қамтамасыз етуге жол ашады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың аралық кезеңі 2008-жылы басталып, ол кезде жалпы өнім құрамындағы орташа сапалық деңгейдегі көмір мөлшері 88 процентке жетуі тиіс. 2004-жылы кәсіпорын тұтынушыларға 1-2 млн. тонна осындай көмір сатуды көздеп отыр.
Көмір өндіру және оны тиеудің циклді-ағынды технологиясына көшу үшін компания «Богатырь» разрезіндегі конвейерлік-теміржол кешенін жаңалау жұмысын жүзеге асыруда. Бұл 2001-жылдан бері жүзеге асырылып жатқан , жалпы құны 2,6 млрд. теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық жоба. Реконструкциялау жұмыстарынан кейін кешеннің өнімділік көрсеткіші орташа сапалық деңгейдегі көмір бойынша
жылына 14 млн. тоннаға жетеді.
Сондай-ақ, бағдарлама аясында «Богатырь» разрезінің Солтүстік кешенінде көлік тораптарын жаңалау жұмыстары жүзеге асырылуда. 2004-жылы кешенге арнап тау-кендік жабдықтар мен жаңа көмір өндіру технологиясын сатып алуға 1,4 млрд. теңге бөлінеді. Бұл 2005-жылы жергілікті көмір қоймасынан тұтынушыларға орташа сапалы 4 млн. тонна көмір сатуға мүмкіндік береді.
«Богатырь Аксес Көмір» ЖШС — американдық Access Industries компаниясының салалық кәсіпорны. «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-нің құрамына Екібастұздағы «Богатырь»және «Солтүстік» көмір разрездері енеді. «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС 2003-жылы 33 млн. тонна көмір өндірсе, 2004-жылы 30 млн. тоннасын өндіру көзделіп отыр.