"Бөгде ғаламшарлықтар келді": Елордалықтар аспандағы түсініксіз құбылысты видеоға түсіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бөгде ғаламшарлықтар келді": Елордалықтар аспандағы түсініксіз құбылысты видеоға түсіріп алды

"Бөгде ғаламшарлықтар келді": Елордалықтар аспандағы түсініксіз құбылысты видеоға түсіріп алды

Елорда тұрғындары аспаннан түсініксіз құбылысты байқап қалып, видеоға түсіріп, желіде таратуда. Кейбірі әуеде жарқыраған нәрсені бөгде ғаламшарлықтар деп ойласа, енді бірі себебін түсіндіріп жатты.

  • 26 Қыркүйек 2019
  • 66
Фото - Caravan.kz

«Бүгін астанаға бөгде ғаламшарлықтар ұшып келді», — деп жазылған желіде тараған видеоның жазбасында.

Видеода аспанда әлдененің жарқырап тұрғаны анық көрінеді. 

Өз кезегінде желі қолданушыларының кейбірі таңданысын жасырмады.

«Бұл не болды екен?», «Тура осы жарық шамы бар дәл осы нәрсені Алакөл аумағынан көргенбіз. Не екенін ұқпадық», — деп жазды пікір қалдырушылар. 

Ал өзгелері мұның ешқандай да бөгде ғаламшарлықтар емес, зымыран екенін түсіндірді. 

«Зымыран ұшырылатыны туралы ескертілді ғой», «Бүгін аспаннан зымыран көрінетіні туралы жаңалықтардан айтты емес пе», «Бұл Союз-15 зымыраны. Байқоңырдан ұшты», — дейді желі қолданушылары. 


Роскосмостың баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19:57-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-15» зымыраны ұшырылған. 

Соңғы жаңалықтар