Бойжеткенді көлігімен қағып өлтірген полицейдің ішімдік ішкені анықталды - Қарағанды облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бойжеткенді көлігімен қағып өлтірген полицейдің ішімдік ішкені анықталды - Қарағанды облысы

Бойжеткенді көлігімен қағып өлтірген полицейдің ішімдік ішкені анықталды - Қарағанды облысы

Қарағанды ІІБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары жол апаты кезінде мас болған.

  • 25 Тамыз 2014
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Сараптама нәтижесінде оның мас болғаны анықталды», — деп облыстық есірткіге қарсы диспансерден хабарлады.

Абай аудандық прокуратурасының хабарлауынша, полицей мас болғанын және қызды қалай қағып кеткенін де білмейтінін айтқан.

Бұған дейін хабарланғандай, жексенбі күні икешқұрым Абай ауданының Топар ауылы маңында аудандық ІІБ бастығының орынбасары 25 жастағы бойжеткенді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз сол жерде жан тапсырды.