Бойжеткенмен кездесуге барған ақтөбелік 600 мың теңгесінен айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бойжеткенмен кездесуге барған ақтөбелік 600 мың теңгесінен айырылды

Бойжеткенмен кездесуге барған ақтөбелік 600 мың теңгесінен айырылды

Бойжеткенмен кездесуге барған ақтөбелік сан соғып қалды

  • 8 Ақпан 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе тұрғыны қызбен кездесу барысында 600 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Диапазон" басылымы таныстықтан соң жастар пәтерге бет алғанын жазады. 

Келесі күні ер адам ваннаға түспек болып, қызға тамаққа тапсырыс беріп, телефондағы банк қосымшасының көмегімен оның шотынан төлем жасауды сұраған. Қыз тапсырыс бергенімен қоймай, жігіттің шотынан өзінің танысына 600 мың теңге аударды, — делінген хабарламада.

Ер адам ақшаның жоғалғанын кейінірек түсініп, полицияға жүгінген.


Тергеу барысында күдікті қыз ақшаны өзіне жұмсағанын мойындады. Алайда сотта қыз оның үйіне екі таныс ер адам келгенін, оны ер адамның телефонын ашып, шотынан ақша аударуға мәжбүрлегенін айтқан. 

Сот 31 жастағы әйелді екі жылға соттап, жәбірленушіге 600 мың теңгені қайтаруды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар