Бөкендерді қорғау үшін ел қазынасынан қыруар қаржы бөлінеді екен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бөкендерді қорғау үшін ел қазынасынан қыруар қаржы бөлінеді екен

Бөкендерді қорғау үшін ел қазынасынан қыруар қаржы бөлінеді екен

Батыс Қазақстанда  бөкендердің жаппай қырылуының себебі анықталды. Сараптама нәтижесі жануарлардың тағы да пастереллез дертіне шалдыққанын көрсетті. Киіктер өткен жылы қырылғанда да осындай қорытынды шыққан еді.

  • 2 Маусым 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

Соңғы күндері 500-ге жуық ақбөкен қырылды. Оның ішінде аштан өлген жас төл де бар. Ал дертке негізінен аналықтар шалдыққан. Бұлалдын ала қорытынды. Алдағы он күнде соңғы нүкте қойылмақ. Ауру жұқпалы болғандықтан, қазір төтенше жағдай орын алған Жәнібек ауданында залалсыздандыру шаралары қолға алынған. Естеріңізге салсақ, өткен жылы дәл осы аймақта пастереллезден 12 мыңға жуық киік қырылған. Жыл сайын бұл жануарларды қорғау үшін ел қазынасынан 125 млн. теңге бөлінеді. Соған қарамастан жаппай қырылудың алдын алу әзірге қиынға соғуда.


Ерлан Нысанбаев
, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі,Орман және аңшылық комитетінің төрағасы:

— Бүгін бұған тосқауыл қоюға болмайды. Бірақ, зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.  Міне екінші рет қайталанып отыр, бір жерде. Меніңше, бізбен бірге осы ғалымдарға ойланатын нәрсе бар.

Соңғы жаңалықтар