Боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысын қорқытып-үркіткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысын қорқытып-үркіткен

Боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысын қорқытып-үркіткен

 

  • 5 Қазан 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы Алматыда сот орындаушысын ұрған адам боксшы Жанқош Тұраровты шақырғанын айтты, — деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Жеке сот орындаушылар палатасының мәліметінше, сот орындаушысы А.А. Ермековке шабуыл Алматының Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде орын алған. Шабуылдаушы сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен, кейін қабырғасы мен өкпе тұсынан ұрған.

"Соққы полиция қызметкерлерінің көзінше болған. Жедел жәрдем дәрігері соққының денсаулыққа орташа дәрежеде қиян келтіргенін айтты. Оқиға кезінде полиция қызметкерлері қашып кетіп, оқиға орнында болмаған. Сот орындаушысы ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арыз жазып, таяқ жегеннен кейін көшеге жүгіріп шыққан учаскелік полицияға берді. Полиция қызметкерлері бұл жағдайда үнсіз қалған, қылмыскерді ұстамаған. Сот орындаушысының М.Н. Ысқақовты ұстау туралы өтінішіне полиция қызметкерлері әрекет етпеген.

М.Н.Ысқақовқа қатысты оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа да адамдарға қысым жасау мақсатында боксшы Тұраров Жанқош Жасұланұлы оқиға орнына шақырылған. Оқиға орнына келгеннен кейін сот орындаушысынан М.Н. Ысқақовқа қатысты полиция арызын алуды талап еткен",- делінген жеке сот орындаушылар палатасы сайтында.


Сондай-ақ, Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы жайт үшін қорқытқан.

"Содан кейін Ысқақов М.Н. мен Тұраров Ж.Ж. А.А. Ермековке қарсы физикалық соққы көрсетіп, қорқыта бастаған. Тікелей қысым көрсетіліп, сот актісінің талаптарын орындаудан бас тартқызуға мәжбүрлеген", — делінген жауапта.

Сот орындаушысы қызметін орындай алмаған. Сот орындаушысына жасалған шабуыл видеоға түсірілген.

Соңғы жаңалықтар