Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев үйленді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев үйленді

Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев үйленді

2017 жылы бокстант Әлем чемпионы атанған Қайрат Ералиев үйленді.

  • 23 Қыркүйек 2018
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайрат пен Әсем Ералиевтер қуаныштарын 21 қыркүйек күні Шымкент қаласында атап өтті. Боксшының тойына оның әріптестері, Олимпиадалардың екі мәрте күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, Берік Әбдірахманов қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы Қайрат Ералиев 2017 жылы Гамбургте өткен Әлем Чемпионатында алтын иеленген жалғыз қазақстандық. Осы чемпионатқа дейін оның қоржынында 2013 жылғы Әлем Чемпионатында, 2015 және 2017 жылғы Азия ойындарында және 2014 жылы Азиада да иеленген қола медальдары ғана болған.

2016 жылы боксшы Олимпиадаға қатысып, 1/8 финалында Өзбекстанның азаматы Мураджон Ахмадалиевқа жеңіліп қалған еді.


2018 жылы Қайрат Ералиев Индонезияда өткен Азиадада, бірінші жекпе-жегінде Таиландтан шыққан Батчай Будтиге жеңіліп қалды. Жекпе-жегтің қорытындысы түсінспеушіліктер тудыртты. Батчай Будтидің жаттықтырушысы жекпе-жектен соң, қазақстандықтардан әділ қазылардың шешімі үшін кешірім сұрады.

 

Соңғы жаңалықтар