Бокстан әлем чемпионын пышақтап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан әлем чемпионын пышақтап кетті

Бокстан әлем чемпионын пышақтап кетті

Халықаралық бокс федерациясының нұсқасы бойынша 66,7 келі салмақ санатындағы  кәсіби бокстан

  • 5 Қыркүйек 2014
  • 531
Фото - Caravan.kz

    әлем чемпионы британдық Келл Брук ауруханаға түсті. 

Оны Испаниядағы Тенериф курортында  пышақтап кеткен. Бұл туралы британдық БАҚ хабарлады.

28 жастағы британдық боксшы Гольф-дель-Сур курортында сауық кешінде   аяғынан пышақ жарақатын алды. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда, алайда көп қан жоғалтқан.

Бруктың жаралануының мән-жайы тергелуде. Күдіктіні тұтқындағаны туралы ақпарат әзірге жоқ.

 Келле Брук 2014 жылғы 16 тамызда Брук Шона Портерді жеңіп (Шона Портердің өз мансабындағы алғашқы жеңілісі), IBF  нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атанған еді. Брук 33 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жеткен (22-сі нокаутпен).