Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының ерлер арасында финалдық айқастары өтуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
22 жасқа дейінгілер арасындағы құрлықтық турнир алтыны үшін алты қазақ боксшы айқасады. Бірінші жұпта Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен 48 келідегі алтынды сарапқа салды. Отандасымыз 3 раундта та өзбек боксшысынан басым түсіп, алтыннан алқа тақты.