«Болашақ» стипендиаттары шетелдік тілдік мектепте 6 ай даярлықтан өтетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Болашақ» стипендиаттары шетелдік тілдік мектепте 6 ай даярлықтан өтетін болады

«Болашақ» стипендиаттары шетелдік тілдік мектепте 6 ай даярлықтан өтетін болады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 

  • 27 Мамыр 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz

кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Отырыста «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері үшін ағылшын тілі бойынша 12 ай мерзім ішінде тілдік даярлықты ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бұл ретте стипендия иегерлері Қазақстанда 6 ай және «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдік тілдік мектепте 6 ай даярлықтан өтетін болады.

Сонымен қатар, комиссия мүшелері президенттік стипендия шеңберінде МВА бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға деген қажеттілікті зерделеу мәселелерін талқылады.


Комиссия шешіміне сәйкес Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының бір топ қызметкері «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанып, Ұлыбританияда тағылымдамадан өтетін болды.