Болашақта Альянс банк, Темірбанк пен ForteBank біріктірілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта Альянс банк, Темірбанк пен ForteBank біріктірілуі мүмкін

Болашақта Альянс банк, Темірбанк пен ForteBank біріктірілуі мүмкін

Альянс банкті қайта құрылымдау процесі аяқталғаннан кейін

  • 1 Сәуiр 2014
  • 597
Фото - Caravan.kz

Альянс банк, Темірбанк пен ForteBank біріктірілуі мүмкін. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлім етті.

«Альянс банктегі біздің үлесіміз сатылады. Корпоративтік шешім қабылданды. Ұлттық банк пен монополияға қарсы органның мақұлдауын күтіп отырмыз. Реттеуші органның рұқсатынан кейін бұл мәселе бас-аяғы төрт-бес аптада шешіледі. Альянс банк қайта құрылымданғаннан кейін Альянс банк, Темірбанк пен ForteBank біріктірілуі мүмкін», — деді ол сейсенбі күні жыл сайын өтетін VIII Fitch Ratings конференциясында.

Алайда, «Самұрық-Қазына» біріктірілген банктің капиталына қатыспайды, деді Е.Бахмутова.