Жарияланды: 500

Болашақта Қазақстан бизнесмендері өздерінің жаңа компанияларын 15 минуттың ішінде тіркеуден өткізе алады

Болашақта Қазақстан бизнесмендері өздерінің жаңа компанияларын 15 минуттың ішінде тіркеуден өткізе алады

ҚР Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеуден өткізу тәртібін түбегейлі жеңілдететін заң жобасын әзірледі.

Бұл туралы бүгін «Bnews.kz» ақпарат агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысына ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті. «Егер де бұл заң жобасы қабылданса, біз қазіргі тіркеу тәртібінен жаңаша тіркеу тәрбіне көшеміз. Яғни, тек өтініш қабылданады да салық жиналады, бар болғаны - осы. Менің ойымша, бұл жұмыстар небәрі бірнеше минуттың ішінде аяқталады. Елбасы жақында Эстонияға жасаған сапары барысында компанияның 15 минуттың ішінде тіркеуден өткізілгеніне куә болған. Қазір біз осыған талпынудамыз және де заң жобасында бұның барлығы ескерілген», - деді О.Бектенов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін