Болашақта университеттер қалай өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта университеттер қалай өзгереді

Болашақта университеттер қалай өзгереді

Халықаралық сарапшы Джамиль Салми жоғары білім беру саласының қалайша өзгеретініне болжам жасады.

  • 7 Маусым 2018
  • 85
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

"Болашақта әрбір үш жыл сайын оқу бағдарламасын қайта қарауға тура келеді. Себебі сабақтардың бәрі 10 минуттан аспайды.  Барлығы онлайн режимде өтеді. Университетті құру да қиынға түспейді. Өйткені оқулықтар, кітапxаналар, тіпті зертxаналар электронды форматта жұмыс істейді. Студенттерге цифрлық жүйемен баға қойылады. Көп нәрсе блокчейнге негізделеді. Сосын келешекте университетті бітірген жас маман алты айдың ішінде жұмыс таппаса, жоғары оқу орны оның оқуға жұмсаған ақшасын қайтаруға мәжбүр болады", — деді Д.Салми жоғары білім беру көшбасшыларының форумында.

Сарапшының ойынша, мемлекеттік университеттерді бюджет тарапынан қаржыландыру көлемі азаюы әбден мүмкін. Алайда осы санаттағы жоғары оқу орындары жеке меншік қаражатты көптеп тартатын болады. Соның арқасында ректорлар мен ғалымдардың жалақысы өседі.

"Дегенмен, қаржының көлемі де, жалақының мөлшері де рейтингке байланысты болады. Түлектердің жұмысқа тұру көрсеткіші жоғары болса, абитуриенттер де көп келеді. Демек, ақша да түседі. Сонда үздік профессорлар Премьер-министрден де артық ақша алуы әбден мүмкін. Сосын МВА білімнің сапасын анықтайтын дәрежеден айырылады. Барлығы креативті ойлау қабілетіне байланысты болады. Қазіргі университеттер оған дайын ба? Осыны ойлауымыз қажет", — деп атап көрсетті Д.Салми.

Айта кетейік, бүгін Назарбаев университетінде жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумы (EHELF) басталды. Биылғы форум жоғары білім беру саласындағы инновацияларға арналып отыр. Халықаралық шараға отандық және шетелдік университеттердің ғалымдары, топ-менеджерлер мен стратег мамандар жиналды. Олардың ішінде Ресей, Румыния, АҚШ, Қырғызстан, Қытай, Австралия және тағы басқа жоғары оқу орындарының өкілдері бар. Екі күндік мәжіліс кезінде форум қатысушылары озық теxнологиялар арқылы білім беру саласын жаңғырту мәселелерін талқылайды.  


Соңғы жаңалықтар