Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәселен, республика азаматтары егер алдыңғы визаларын заңды пайдаланса, жылдық көпреттік виза ала алады.
Сонымен қатар, Болгарияда жылжымайтын мүлігі бар қазақстандықтар үш жылдық виза иелену мүмкіндігін алды.
Қазақстан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті Марат Иғалиев Болгария елшісі Иван Димитровпен кездесу өткізді.
Тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, нормативтік-құқытқы базаны жаңарту, туристік кадарлар дайындау келешегін талқылады.
И.Димитров биыл Алматыдан Бургасқа 4 маусымда алғашқы чартерлік әуе бағыты ашылатынын мәлімдеді. Әуе қатынастарын Bulgaria Air әуе компаниясы аптасына екі рет 10 қыркүйекке дейін орындайды.
Сонымен қатар, 26 маусымда болгариялық BH Air әуе тасымалдаушысы Астанадан Бургасқа жаңа әуе бағытын ашпақ.
Мұнымен қоса, қазақстандықтардың біліктілігін арттыру, оқыту, оқу тәжірибелерін өткізу, оның ішінде "ЭКСПО-2017" көрмесі шеңберіндегі дайындық мәселесін талқылады.
Қазіргі кезде Ақтаудағы туризм жөніндегі Маңғыстау колледжі мен Варнадағы туризм колледжі арасындағы ынтымақтастық жолға қойылды. Маусым және тамыз айларында қазақстандық студенттер мен оқытушылар Болгарияға оқуға барады.
Болгария тарабы қазақстандық туристік компания өкілдерін Болгария жөніндегі ақпараттық турға шақырды.