"Боқболат екеуіңнен құнын алам". Мұхамеджанды танымал ақын өткір сынап, жауап жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Боқболат екеуіңнен құнын алам". Мұхамеджанды танымал ақын өткір сынап, жауап жазды

"Боқболат екеуіңнен құнын алам". Мұхамеджанды танымал ақын өткір сынап, жауап жазды

Мұхаметжан Тазабектің  референдумға байланысты жазған өлеңін танымал ақын С. Нұржан сынап тастады әрі қарсы жауап жазды. 

  • 7 Маусым 2022
  • 3184
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы ақының жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Төмендегі бетпақ шатқан шатпақ әлем-жәлемде “хит” болып жатыр екен. Нәйеті, осы адамнан азған пәлекеттерге сөз шығындау аузыма қаншалықты ылайық деп ойлауға да болар еді, бірақ бұлардың Отанымызға салған 30 жылдық ылаңы және шексіз арсыздығымен тағы да қазақты ақымақ көріп, алдамақ болып, сөйтіп әр жер, әр жерден жылтыңдап көрінгісі, жағынғысы, тағы санатқа енгісі, сапқа кіргісі келіп тұратын сұмпайылықтары жүректі айнытады! Ал айныған жүректен қай бір оңған өлең шықсын?! Бұл да сондай бір кеп:

“Азанмен әтірленіп, кофелендің”,

Тифлиске Боржомиден жеке келдің.


Әуелден уын жалап бөтен елдің,

Қазақтың қасиетіне “шекелендің”!

Ұлтыңның уызынан безіп, малғұн,

“Сайтанның мүйізіне” некелендің!

Отарын аранға айдап, арам теке,

Тып-тыныш келіп пе еді кете бергің?

Төгілген Сирияда тамшы қаным,

Келеді қу жаныңмен өтелер күн!

Боқболат екеуіңнен құнын алам,

Жат жерде арам өлген бөпелердің!

R.S. Жәдігөй мекіренгені кімге дәрі —

Салафит “сайтансақал-текелердің”!!! ,- деп жауап жазды.

 

Соңғы жаңалықтар