Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына тыйым салынды

Боранға байланысты Қазақстанның бірқатар өңірлеріндегі республикалық жолдардың учаскелері жабық.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 406
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кешеден бері «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» жолының 105-123 шақырымындағы «Шемонайха-РФ шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

14 қаңтар сағат 18.30 бастап — «Өскемен-Шемонайха-РФ шекара» жолының 33-102 шақырымындағы «Предгорное — Шемонайха»; — «Өскемен-Зырян-Рахман бұлақтары» жолының 6-166 шақырымындағы «Ушанова -Зырян» аралықтарында жол жабылған болатын. Бүгін сағат 10.00 бастап жол ашылды.

Бұдан бөлек, сағат 10.00 бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Алматы-Өскемен» жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау-Қ.Қайсенов» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы өңірінде кеше «Астана-Петропавл» жолының 18-234 шақырымындағы «Астана-Щучинск» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. 15 қаңтарда сағат 08.00-ден бастап жол ашылды.

Бұдан басқа, кеше кешке «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-205 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ 14 қаңтарда сағат 18.45-тен бастап қолайсыз ауа райына байланысты «Екатеринбург-Алматы» жолының 1280-1353 шақырымындағы «Астана — Қарағанды облысы шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10.30 бастап көлік қозғалысы жанданды.

Қарағанды облысы бойынша кешеден бері «Қызылорда-Павлодар» автожолының 433-749 шақырымындағы «Жезқазған-Атасу» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10.30-дан бастап жол ашылды.

Бұдан бөлек, 14 қаңтарда сағат 19.35-тен бастап «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1425-1353 шақырымындағы «Ақтау жолөткелі-Ақмола облысы шекарасы» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды. 15 қаңтарда сағат 10.15-тен бастап жол ашылды.

Павлодар облысы өңіріндегі боран салдарынан кеше кешқұрымнан бері «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолының 205-259 шақырымындағы «Ақмола облысы шекарасы-Шідерті» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.