«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, аталған жолдың 83-184 шақырымындағы Көктума мен Достық аралығында барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар қазіргі кезде боран салдарынан «Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының» 0-39 шақыры аралығында да жол жабық.
Мұнымен қоса, «Ақтөбе-Ор» автожолының 16-135 шақырымындағы Ақтөбе қаласы мен РФ шекарасы учаскесінде де барлық көлік түрлеріне жолға шығуға шектеу енгізілген болатын.