Босанған әйел мен оның нәрестесі ғажап жағдайда аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Босанған әйел мен оның нәрестесі ғажап жағдайда аман қалды

Босанған әйел мен оның нәрестесі ғажап жағдайда аман қалды

Еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас хирургі, «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов босану барысында өлім аузында жатқан әйелдің ерекше оқиғасын журналистерге баяндады.

  • 15 Қазан 2016
  • 9052
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

«Перзентханаға түскен жас келіншектің басындағы қан тамырлар жарылған. Ол тура босанар алдында комаға түсті. Сол себепті шұғыл түрде бізге жеткізген еді. Біз жас анаға оттегі жетіспейтінін аңғардық. Дәл толғақ басталғанда оның жүрегі мен тыныс алу тоқтап қалды. Біз жас ананы бірден ота залына апардық. Мен қанды ісікті алып жатқан уақытта гинеколог та ота жасап, нәрестені дін аман алып шықты. Бүгінде ол бала 7 жаста, ал анасы екінші баласын босанған. Яғни біз бір уақытта екі ота жасадық. Бұл 2009 жылы болған еді», – дейді Серік Ақшолақов.

Оған қоса Серік Ахметов ол кездерде дәрігерлер ем жүргізу мен жан сақтаудың жаңа әдістерін ашпаған еді, жәй ғана «жылдам әрі еш қорқынышсыз әрекет еткендерін» атап өтті.

«Біз үміттендік және бәрі де сәтті өтті. Шет елдік әріптестерімізге де әйгілі болған біздің тәжірибемізден кейін, мұндай ота Мәскеуде жасалды», – деп қосады ол.


Нейрохирургия ұлттық орталығы Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2008 жылы құрылған. Жыл сайын мұнда жүйке жүйесінің айтарлықтай күрделі патологиясы бар науқастарға 2,3 мың ота жасалып, бұл сан жыл сайын арта түсуде. Орталық мамандары 8 жыл ішінде қазақстандықтарға 15 мың ота жасап, жаңадан 60 нейрохирургиялық технология енгізген.

Соңғы жаңалықтар