"Боссың ба?": Бишімбаевтың Салтанатты ұрғаннан кейін тағы бір әйелмен сөйлескені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Боссың ба?": Бишімбаевтың Салтанатты ұрғаннан кейін тағы бір әйелмен сөйлескені белгілі болды

"Боссың ба?": Бишімбаевтың Салтанатты ұрғаннан кейін тағы бір әйелмен сөйлескені белгілі болды

Сот Айжан Көлбаева Қуандық Бишімбаевтың телефонын тексеріп отырып 2023 жылы 9 қараша күні сотталушының “Юлия супер” деп сақталған әйелмен хат жазысқанын анықтады. 

  • 23 Сәуiр
  • 114
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Caravan.kz хабарлайды.

Сотталушы Қуандық Бишімбаев мұның жеке басқа қатысты хаттар екенін ескертіп, ондағы әңгімені жарияламауды сұрады. Бірақ сотқа қатысушылары хаттардың оқылуын талап етті. Өйткені Бишімбаев “Юлия супер”-мен Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан сәтте сөйлескен.

“Не істеп жатырсың? Боссың ба”, – деп сұраған Қуандық Бишімбаев.

Оның бұл сұрағына “Юлия супер”: “Кірпік жабыстырып жатырмын. Қай уақытта?”, – деп жауап берген. 

Жәбірленуші тарап атап өткендей, Бишімбаев Салтанаттың жағдайы туралы көріпкелмен сөйлесіп жатқанда Юлиямен де қатар хат алмасқан. Жәбірленуші тараптың: “Юлия Бишімбаевқа қандай қызмет көрсететуі керек еді? Ол не себепті бос болуы керек?” деген сауалдарына сотталушы жауап бере алмады. Сот аталған сұрақтарды алып тастады. 

Соңғы жаңалықтар