Азаматтың адвокаттары оның Бостондағы жарылысқа мүлдем қатысы жоқтығын дәлелдеп шығуға тырысуы тиіс. Олай болмаған жағдайда қазақ баласы бақандай 25 жылға сотталуы мүмкін. Тәжияқовтың тағдырын шешуге 600 америкалық ниет білдіріпті. Бірақ сотқа алқа би ретінде тек 12-сі ғана қатыса алады. Тәжияқовтан соң «лаңкес» деген күдікпен тұтқындалған тағы бір жерлесіміз Диас Қадырбаевтың да соты басталады. Ол 8 қыркүйекке белгіленіпті. Отандастарымызға ағайынды лаңкестер Царнаевтарға көмектесті деген айып тағылуда. Осы Царнаевтар Бостондағы марафонда жасаған жарылыстан 4 адам қаза тауып, 300-ге жуық тұрғын ауыр жараланған болатын.