Бостондағы жарылысқа айыпталып жатқан қос жерлесімізге қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бостондағы жарылысқа  айыпталып жатқан қос жерлесімізге қатысты жаңа дерек шықты

Бостондағы жарылысқа айыпталып жатқан қос жерлесімізге қатысты жаңа дерек шықты

Жохар Царнаев шаһит болуды қалаған. Бостондағы жарылысты ұйымдастырған лаңкес мұнысын достарына жиі айтыпты. Бұл туралы Азамат Тәжияқовқа қатысты басталған тыңдалым барысында белгілі болып отыр. Сондай процесте қос отандасымыздың есірткіге әуестегі де айтылды. Яғни, жарылыс болған күні Тәжияқов пен Қадырбаев кіші Царнаевтың бөлмесіне марихуана алу үшін барған екен. Ал, Царнаевтың сөмкесін сол есірткіні сыртқа шығару үшін пайдалаған көрінеді.

  • 9 Шiлде 2014
  • 195
Фото - Caravan.kz

Бір жыл, 3 ай күткен сот. Бостонда қос қазақ студентіне қатысты басталған процесті батыс басылымдары осылай атауда. Федералдық тергеу бюросы істі осынша уақыт тергеген. Сөйтіп, бастапқыда Азамат Тәжияқов пен Диас Қадырбаевты полиция «виза режимін бұзды» деген сылтаумен қамаса, кейін Царнаевтың сыбайластары деген айыпты тақты.

Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:

-Біздің күткеніміздей сот шешім шығармады. Өйткені бұл үлкен іс. Сот өзіне алмады жүкті. Ойлағанбыз біз Азамат пен Диастың алдында берген тергеуі заңсыз деп тауып, бүгін істі тоқтатады деп.

Бүгінгі сот отырысына 4 куәгер қатыстырылды. Екеуі тергеуші, біреуі университет директоры, тағы біреуі Азамат пен Диастың құрбысы. Соңғысының берген жауабы бойынша, сол күні Царнаевтың бөлмесіне жатақханадағы студенттердің тең жартысы барған екен.

Әмір Исмағұлов, Азамат Тәжияқовтың әкесі:

-Бүгінгі тергеуге байланысты тағы бір білген шаруамыз Жохар университетте марихуана сататын дилер болған екен. Балалар тек сол марихуананы алу үшін барған. Ал сөмкені тек марихуананы салу үшін алған.

Десе де әзірге осы айталғандардың барлығы назарға алынбайтын түрі бар. Бірақ Азаматты қорғауына алған 6 адвокат бар күштерін салуда.


Аркадий Бух, Азамат Тәжияқовтың адвокаты:

-Азамат әкесінің кеңесімен тергеуге барынша көмегін берді. Яғни, Жохар Царнаев туралы толық сұраған ақпарын айтқан. Бірақ енді, міне, онысын өзіне қарсы пайдалануда. Оны ақтатуға тырысамыз.

Бостандағы жарылыс былтыр дәстүрлі сәуір марафоны кезінде жойқын болған. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 200-ге жуығы жараланды. Кейін осы ланкесті ағайынды Царнаевтардың ұйымдастырғаны білгілі болды. Азамат пен Диас сол «күдіктілерге тиесілі сөмкені қоқысқа лақтырды» деп айыпталуда.

— Азамат Тажияқовқа қатысты тыңдалым 12 алқа би мен қосымша 6 судьяның қатысумен өтіп жатыр. Процесс ертең де жалғасады. Ал оның досы, екінші жерлесіміз Диас Қадырбаевтың соты 8-ші қыркүйекке белгілінген. Егер отандастарымыз айыпты деп танылса, онда олар кемі 25 жылды арқалауы мүмкін.