Ботаникалық бақты шенеуніктер сатып алды ма, тартып алды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ботаникалық бақты шенеуніктер сатып алды ма, тартып алды ма?

Ботаникалық бақты шенеуніктер сатып алды ма, тартып алды ма?

 Ғасырлық тарихы бар Қызылжар ботаникалық бағы берешегі үшін 3 млн. теңгеге сатылып кетті, деп жазады 24.kz.

  • 23 Мамыр 2014
  • 380
Фото - Caravan.kz

Осыдан 6 жыл бұрын бақ егесі Равиль Рязаповтың коммуналдық қарызын қалалық әкімдік өз мойнына алып, есесіне жылыжайдың бір бөлігіне ие болған. Енді жергілікті билік бақты сот арқылы түгел меншіктеп алды. Сан соғып қалған агроном шенеуніктердің әрекетін заңсыз деп отыр.

Равиль Рязапов осыдан 6 жыл бұрын ақшадан қысылып, коммуналдық қарызын төлей алмай, бақтың осы бұрышын қалалық әкімдікке сатқан.

Сөзіне сенсек, шенеуніктер артынан тағы бір қағаздарға қол қойдыртып, енді сол бойынша жылыжай кешінін толық тартып алмақ.

Адвокат агрономның алданып қалғанын және құжаттардың заңға қайшы рәсімделгенін алға тартып отыр.

Руслан Ибрагимов, заңгер: — Келісім жасалғанда мемлекеттік сатып алу заңы өрескел бұзылған. Құжат бойынша дүние-мүлік түгел сатылған. Бірақ, әділет қызметкерлері оны тергеуден бас тартты. Өйткені, шенеуніктер меншікті толық көрсетпеген. Іс ақыры сотқа жетті. Тараптар алғашында тең тарасса, облыстық сот бақты мемлекет меншігіне өткізу жөнінде шешім қабылдады. Бір қызығы, шенеуніктер алғаш сатып алу кезіндегі мүліктерін әлі күнге дейін тіркемеген.

Балдырған Өмірсейітова, қалалық ТКШ бөлімінің заңгері:
 — Бақ басшысы ақша аударылғанына қарамастан, қабылдап-өткізу актісіне қол қаймаған. Бұл сотта дәлелденді. Сондықтан, жылыжай кешенін өз атымызға аудара алмай отырмыз.

Шенеуніктер: «Бақты өсімдік-жануарларымен бірге берсе қолынан, бермесе жолынан аламыз», — дейді.

Ал, әділдік таппай шырылдаған Равиль Рязапов өліспей беріспеуге бекініп отыр.