Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Halyq uni порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Құрметті ағайын, бауырлар! Көпшілік адамдар тойдың халал, яғни адал болып есептелуі үшін арақ-шараптың болмауы жеткілікті деп есептейді. Бұл әрине, дұрыс. Бірақ ол тойдың толық халал болып өтуі үшін жеткіліксіз. Тойда дүңкілдеген, адамды орнынан тұрғызатын музыка ойналса, ол да харам. Оған ешқандай талас жоқ. Өйткені, ер адам мен әйел билейді. Бөтен әйелмен бөтен ер адам билесе ол – 100 пайыз харам. Сол секілді ер адам мен әйел бірге бір жерде отырса дұрыс емес. Әйелдерге бөлек бөлме, еркектерге бөлек бөлме болуы керек, – деді ол.
Бейнежазбаның авторы сөз соңында тойдың адал болуы үшін тағы да арақ-шараптың ішілмеуі, музыканың ойнамауы, ер адам мен әйелдің бір дастарханда отырып, билемеуі керектігін айтты.
Сонда ғана той адал өтеді, — деді ол.
Осы видеоны желіге салған кәсіпкер, қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила жас жігіттің уағызына келіспейтінін, қазір олардың саны мыңдаған адам болса, бірер жылда жүз мыңға, одан соң миллион адамға жететінін ескертті.
"Дін мінсіз, мінді адамдардан іздеңіз" дейтін ағайын, мына жігіттің уағызын тыңдап көріңіз.. Бұлардың саны қазірше мыңдаған, енді тоқтатпасақ бірер жылда жүз мыңдағанға, одан соң миллиондағанға жетеді.. Бұндай сөзді бұл балаға айттырып отырған дін ғой.. Әйтпесе оны қайдан шығарды?
Posted by Ахметбек Нұрсила on Wednesday, July 20, 2022