Жарияланды: 40

Бөтен ойымыз болған жоқ - Денис Тен туралы баннерді дайындағандар қателігі үшін кешірім сұрады

Бөтен ойымыз болған жоқ - Денис Тен туралы баннерді дайындағандар қателігі үшін кешірім сұрады

Алматыда Денис Тен туралы баннерді дайындағандар қателігі үшін кешірім сұрады.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

"Құрметті оқырмандар мен Денис Теннің жанкүйерлері. Баннердегі "Олимпийских игр" деген сөздің орнына "Олимпиский игр" деп кеткен қате үшін кешірім сұраймыз. Стендті жасау кезінде кеткен қателік үшін кешірім сұраймыз. Бізге осы стендке тапсырыс берді, бірақ мәтін терген кезде байқамай қате кетіп қалыпты. Бөтен ойымыз болған жоқ, тағы да кешірім сұраймыз. Біз де миллиондаған қазақстандық сияқты даңқты чемпионымызды аза тұтамыз", - деді "S-Print" директоры Серік Сыдықбекұлы.

Бүгін Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылғаны жайлы хабарланған еді. Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына КСРО еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның халықаралық санаттағы спорт шебері Татьяна Тарасова мен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова келді.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть