Божко мен Қарағанды облысының жаңа әкімі Көкпектіге барды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Божко мен Қарағанды облысының жаңа әкімі Көкпектіге барды

Божко мен Қарағанды облысының жаңа әкімі Көкпектіге барды

Қарағанды облысының Көкпекті ауылындағы су шайған үйлердің құрылысы кешігіп жатыр. Себебі кейбір құрылыс фирмалары жұмысты дұрыс жүргізбегені үшін қуылса, екінші жағынан бюджеттен уақытылы қаржы бөлінбеуі де қолбайлау болыпты.

  • 11 Шiлде 2014
  • 239
Фото - Caravan.kz

Дегенмен, қаржыландыру мәселесін енді ғана түбегейлі шештік деген шенділер күзге дейін бас кетсе де баспаналарды тапсырамыз деп отыр. Бүгін Көкпектінің жайымен танысуға Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко да келіп, әр үйді аралап шықты. Көңілдері күпті жұртты ол да сабырға шақырды. Қазір су шайып кеткен 49 үйдің 47-сінің іргетасы құйылған. 37 баспананың қабырғасы көтеріліп, алтауының төбесі жабылыпты. Бірақ соңғы екі аптада жұмыс саябырсып қалған.  


Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Бұл төтенше жағдай. Сондықтан бұған тиісті құжаттарды сараптама жасадық. Өткен аптадан бастап қаражат бөлініп, осы мердігерлерге аударылды. Сондықтан осы аптадан бастап жұмыс жақсы жүреді деген ойдамыз.