Жарияланды: 500

БҚО: Лбищенск ауылында аусылға шалдыққан 900-ден астам малдың көзі жойылды

Батыс Қазақстан облысының Лбищенск ауылында аусылға шалдыққан 900-ден астам малдың көзі жойылды. «22-маусымдағы мәлімет бойынша, 205 бас ірі қара мен 709 бас ұсақ мал өртелді», - деп хабарлайды еліміздің ТЖМ. Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының аулаларын зарарсыздандыру шаралары жүріп жатыр, деп атап өтті ведомство. Індет өршімес бұрын ауылда 3500 бас мал болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін