Жарияланды: 390

БҚО прокуратурасы шағын футболдан үздік шыққандарды құттықтады

Жуырда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында өткен облыстық спартакиадада шағын футболдан облыс прокуратурасының командасы жеңімпаз атанған болатын.

Жарысқа тыңғылықты дайындалған прокуратура қызметкерлері жақсы өнер көрсетіп, соңғы ойында ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті командасын ұтқан еді. Команда қақпашысы, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры Руслан Әминов ең үздік қақпашы атанды. Осыған орай облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаев спортшыларды салтанатты жағдайда құттықтап, өз бұйрығымен алғыс жариялады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін