БҚО сумен қамтамасыз етудің күрт нашарлау қаупі туындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО сумен қамтамасыз етудің күрт нашарлау қаупі туындады

БҚО сумен қамтамасыз етудің күрт нашарлау қаупі туындады

Орал. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында су тапшылығы кезеңінің жалғасуына орай сумен қамтамасыз етудің күрт нашарлау қаупі туындауда. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцевтың қатысуымен 21 сәуірде облыстық әкімдікте өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Сәуiр 2008
  • 506
Фото - Caravan.kz

Ресей аумағынан бастау алатын су көздеріне тәуелді болып отырған облыстың оңтүстік аудандарында сумен қамтамасыз ету жағдайы күрт нашарлауда.

Осыған орай Орал-Көшім жүйесін кеңейтіп, Айдархан су қоймасына жөндеу жұмыстарын жүргізу шараларын шұғыл түрде қолға алу жөнінде ұсыныс айтылды. Ол үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс.

Биылғы жылы Үлкен және Кіші өзеніне Ресейдің Саратов магистралды арнасынан қосымша 132 млрд текше метр су көлемін жеткізу үшін республикалық бюджеттен 638 млн теңге бөлінде.

БҚО Кіші және Үлкен өзендерінің бассейнінде 40 мыңнан аса адам тұрып жатыр (үш ауданның 22 ауылдық округі).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті