БҚО тұрғыны ауылдасын арақ үшін ұрып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО тұрғыны ауылдасын арақ үшін ұрып өлтірді

БҚО тұрғыны ауылдасын арақ үшін ұрып өлтірді

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  • 7 Ақпан 2018
  • 153
Фото - Caravan.kz

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігімен айыпталған М.Исмағұловқа қатысты іске нүкте қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Сот төрағасы Қайрат Шалқаровтың мәлім еткеніндей, өткен жылдың 23 тамызы күні шамамен сағат 23.00-де М.Исмағұлов К.Малаеваның үйіне келіп, араққа ақша сұраған. Оны К.Малаева «саңырау, есуас» деп, қуып жіберуге тырысқан.

Мұны ар-намысыма тиді деп ұққан М.Исмағұлов белгісіз затты К.Малаеваға лақтырған кезде ол жерге құлаған. Бұдан кейін М.Исмағұлов адам өлтіру мақсатымен К.Малаеваны үйге сүйреп кіргізіп, басынан таяқпен кемінде төрт рет ұрған.

Соның салдарынан марқұм оқиға орнында көз жұмған. М.Исмағұлов 4800 теңге ақша, құны 100 мың теңге тұратын «Dell» ноутбугын жымқырып, есікті сыртынан кілттеп, оқиға орнынан бой тасалаған.


Сот үкімімен М.Исмағұлов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігі, 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар