БҚО тұрғыны учаскелік полиция инспекторын ұрғаны үшін 1 жылға сотталды
![]() |
Бөкей ордасы аудандық сотының үкімімен А. деген азамат ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігімен (билік өкілінің денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) айыпты деп танылып, |
1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тұрғын арақ ішкен мас күйінде Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік полициясын ұрған.
Аталған іс бойынша аудан прокуроры мен айыпталушының арасында кінәні мойындау туралы мәміле жасалған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін