БҚО-да 14 жастағы қыз суға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да 14 жастағы қыз суға кетті

БҚО-да 14 жастағы қыз суға кетті

Батыс Қазақстан облысында 14 жастағы қыз суға кетті.

  • 28 Маусым 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болды.

Сағат 17.00-де жасөспірім Ядовитая көлінің рұқсат етілмеген жерінде  шомылып, суға кеткен.

Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 5 қызметкері жұмыс істеп, 20 минуттан кейін марқұмның денесін судан алып шықты.  

Айта кетейік, жыл басынан өңірде 22 адам суға кетсе, соның бесеуі — балалар. Жеткіншектер суға түсуге көбіне ересектердің қарауынсыз барады. Ал оның арты орны толмас қайғыға айналуы мүмкін.


Бұдан бұрын БҚО-да екі адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар