БҚО-да әкім банктен несие алып, төлемей қойған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да әкім банктен несие алып, төлемей қойған

БҚО-да әкім банктен несие алып, төлемей қойған

Батыс Қазақстан облысында ауыл әкімі банктен 600 мың теңге көлемінде несие алып, оны 6 ай бойы төлемеген.

  • 25 Қаңтар 2018
  • 199
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Облыстық әдеп жөніндегі кеңесте Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің әкіміне қатысты тәртіптік іс қаралды. Ауыл басшысы 2017 жылдың маусымынан бастап банктен алған қарызын өтемей қойған.

Осыған байланысты сот орындаушысы облыстық әдеп жөніндегі кеңеске хат жазады. Сот өкілдері 2017 жылдың жазында ауылдық округ әкімінің аппаратына несиенің тиісті бөлігін мемлекеттік қызметкердің жалақысынан ұстап қалу туралы қаулы жіберген. Бірақ ауылдық огруг әкімі Бауыржан Қарақұлов ол құжатты әкімдіктің бухгалтериясына өткізбеген. Осылайша 600 мың теңге несие алған ауыл басшысы банкке 1 миллионнан астам теңгеге қарыз болып қалған.

«Несиені төлеуге бірнеше ай мүмкіндігім болған жоқ. Бірақ желтоқсаннан бастап төлей бастадым. Енді қарызымды ай сайын төлеп тұрамын», — деді әкім облыстық әдеп жөніндегі кеңесте.

Аталған кеңестің төрағасы Болат Исаков Бауыржан Қарақұловтың 6 ай бойы несиені төлемей келгенін мәлім етті.


«Біз аталған жағдай бойынша ауыл әкімінен түсініктеме алу үшін оны мемлекеттік істер және жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне шақырдық. Содан кейін ол несиені қайтара бастады. Қазіргі таңда оған қарызын төлеуге уақыт беріліп отыр. Сонда ғана сот орындаушысы шағымын кері қайтарып алатын шығар», — деді Исаков.

Облыстық әдеп жөніндегі кеңес Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінің әкіміне тәртіптік жаза ретінде «ол өз лауазымына толық сәйкес келмейді» деп ескерту жасады. Ауыл әкімі мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін теріс әрекетке барды деп танылды.

Соңғы жаңалықтар