БҚО-да орташа айлық жалақы 110 567 теңгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да орташа айлық жалақы 110 567 теңгеге жетті

БҚО-да орташа айлық жалақы 110 567 теңгеге жетті

Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 110 567 теңгеге жетті.

  • 19 Тамыз 2014
  • 611
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы өнеркәсіпте — 212,7 мың теңге (облыстық орта көрсеткіштен 1,9 есеге артық), ақпарат пен байланыста — 159,6 мың теңге (1,4 есе), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында — 149,1 мың теңге, құрылыста — 148,3 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 142 мың теңге (1,3 есе), көлік және қоймалауда — 120 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде — 119 мың теңге (1,1 есеге көп). Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласында, мұнда орташа жалақы облыстық көрсеткіштің 48,3 пайызына тең.

Аумақтық жағынан алғанда, Бөрлі ауданы алда келеді, мұнда орташа жалақы — 260,3 мың теңге, бұл облыстық көрсеткіштен 2,4 есеге артық.