БҚО-да пара алған басшы да, пара берген кәсіпкер де жазаға тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да пара алған басшы да, пара берген кәсіпкер де жазаға тартылды

БҚО-да пара алған басшы да, пара берген кәсіпкер де жазаға тартылды

Теректі аудандық соты аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарды.

  • 5 Маусым 2014
  • 291
Фото - Caravan.kz

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жүргізілген тексеріс қорытындысына оң шешім шығару және кәсіпкерлік қызметіне бұдан былай кіріспеу үшін аудан тұрғынынан 50 мың теңге көлемінде пара алған.

Шенеунік ҚР ҚК 311-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталып, мүлкін тәркілеумен бірге жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтеумен үш жылға сотталды. Сонымен бірге ол осынша уақыт бойы мемлекеттік қызмет саласында жұмыс атқара алмайды.

Сот сондай-ақ пара берушіні де «ұмыт қалдырмай», оған ҚР ҚК 312-бабы 2-бөлігі бойынша екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын белгіледі. Ол осы мерзімде арнайы органның рұқсатынсыз мекенжайын өзгерте алмайды, әрі оның ойын-сауық және басқа да орындарға баруына шектеу қойылады.