БҚО-да қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті

БҚО-да қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті.

  • 30 Шiлде 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 30 шілде күні сағат 03.06-да Самара-Шымкент жолының 318-шақырымында, Сырым ауданы аумағында «ВАЗ-2114» және «ВАЗ-2170» автокөліктері түйіскен. Содан кейін қос көлік толықтай өртеніп кеткен.  Оқиға орнына БҚО ТЖ департаментінен 1 қызметкер мен 1 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 9 қызметкер және 1 техника барған. Өрт сөндірілген. Қаза тапқандардың кім екені анықталу үстінде.  

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сағат 03.15-те жедел жәрдем шақырылған. 7 адам өртенген. Мүрделерді полиция алып кеткен.


БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мәліметті кейін беретіндігін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар