Автобустың сау тамтығы жоқ. Есік, терезелері қирап, оңбай майысқан. Қоғамдық көлік Мәскеуге бағыт алған екен. Сондықтан жолаушылардың тең жартысы — Ресейге жұмыс іздеп бара жатқан өзбектер. Шымкенттен шыққан автобус тар көпірге сыймай, тас жолдан тайып кетсе керек. Апатқа қалың тұман да себепкер болған. Қаза тапқандар – Өзбекстан азаматтары. Төртеуі де ең соңғы орындықтарда отырып, көлік көпірден аударылғанда қысылып қалған. Тағы бір жолаушының өмірі қазір қыл үстінде.
Флюра Саматова, БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
-Реанимотолог, хирург және фельдшерлер оқиға орнында жұмыс жасады. Қазіргі таңда 23 адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді, 4 адам адам реанимацияда. Және 1 адам қазір операция үстелінде.