БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам көз жұмды.

  • 18 Тамыз 2022
  • 18
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 17 тамызда Казталов ауданы аумағында болған.

"Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші "Лада Приора" автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан "Лада Вестаға" жол бермей, соқтығысқан.

"Лада Приора" автокөлігінің жолаушылары қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханада. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар