Жарияланды: 20

БҚО-да жарты млн теңге мүлікті жымқырған қызметкер соттан құтылып кетті

БҚО-да жарты млн теңге мүлікті жымқырған қызметкер соттан құтылып кетті

Батыс Қазақстан облысында жарты млн теңге тұратын мүлікті жымқырған қызметкер қылмыстық жауапкершіліктен құтылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады. 

 БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық соты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша айыпталған А-ға қатысты іске нүкте қойды. Сотта анықталғанындай, айыпталушы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде ағаш ұстасы қызметін атқарған. Сонымен бірге қойма меңгерушісінің көмекшісі міндетін қосымша атқарып, 558 416 теңгенің тауар-материалдық құндылықтарын ұрлаған. Істі қарау барысында қос тарап медиация тәртібімен татуласу туралы келісімге келіп, соған сәйкес айыпталушы мүліктік залалды өтеді. ҚР ҚК 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін