Жарияланды: 520

БҚО-да «Жасыл ел» жасақтары орман шаруашылықтарында еңбек етпек

«Жасыл ел» бағдарламасы Елбасы бастамасымен 2005 жылы қолға алынған болатын.

Биыл БҚО-ның 18-29 жас аралығындағы студенттері мен жұмыссыз жастары үшін республикалық «Жасыл ел» штабынан 750 квота бөлінген, бұл өткен жылғыдан 250-ге көп. Соның ішінде 400 жұмыс орны аудандарда ашылса, 350-і қаланың үлесіне тиеді. Облыс аумағында жазда «жасылелдіктер» үш ауысымда еңбек ететін болады. Қазірдің өзінде алғашқы лекте жұмыс жасайтын 120 жаспен келісім жасалған. Аталмыш бағдарламаға негізінен студент жастар қатысады. Олар Ақжайық, Теректі, Бөрлі, Тайпақ, Бөкейорда, Зеленов, Чапаев, Шыңғырлау, Январцев, Орал қаласындағы орман шаруашылықтарында еңбек етіп, орманды қураған бұтадан, қалдықтардан тазартады. «Жасыл ел» облыстық штабының басшысы Айдос Ғайнеденнің айтуынша, жастар сондай-ақ қала мен ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына да қатысады. Биыл «жасылелдіктердің» жалақысы үшін облыстық қазынадан қаржының 60 пайызы, республикалық бюджеттен 40 пайызы қарастырылған. Студенттер орта есеппен айына 29 мың теңгедей табыс таппақ. Үздіктерді ынталандыру үшін ауысымнан кейін Шалқар көлінде демалыс ұйымдастырылмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть