Жарияланды: 450

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты

10 қараша күні кешкі сағат 19.00-де Самара-Шымкент күре жолы бойында Барбастау ауылы тұсында

1990 жылғы жүргізуші «Лада Гранта» автокөлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 1948 жылғы азамат айдап келе жатқан «Нива Шевроле» автокөлігіне соқтығысқан.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нива Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі мен «Лада Грантаның» жолаушысы көз жұмды. Қаза болған жолаушының кім екендігі анықталу үстінде.

Тексеру қорытындысына сәйкес «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі мас күйінде болған. Қазір ол ауруханада жатыр.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін