БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

БҚО-да жүк көліктері соқтығысып, екі адам мен 39 жылқы өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, 39 жылқы өртеніп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

  • 16 Мамыр 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ірі жол-көлік апаты 15 мамыр күні түнгі сағат 23.30 шамасында Қаратөбе ауданындағы Самара – Шымкент тасжолының 464-шақырымында болған.

«40 шақты жылқы тиеп алған «КамАЗ» көлігі мен жүксіз, бос келе жатқан түркиялық нөмірлі «Mercedes-Benz Actros» жүк көлігінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан, өрт тұтанған. Екі жүк көлігі де, тіркемедегі 39 бас жылқы да түгелдей өртеніп кеткен. Көліктердің ішінен өртеніп кеткен екі мәйіт шығарылды. Сондай-ақ түрлі жарақат алған бір адам Сырым ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жеке басы анықталып жатыр», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Айта кетерлігі, өрт түнгі сағат 04.47-де өшірілді.