Жарияланды: 530

БҚО-ның Бөрлі ауданында орташа жалақы 182,5 мың теңгеге жетті

Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа жалақысы 79132 теңгені құрады,

бұл өткен жылғыдан 1,3 пайызға артық. Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы құрылыс саласында - 152,8 мың теңге, бұл облыстық орташа көрсеткіштен 1,9 есеге көп. Сондай-ақ өнеркәсіпте - 129,7 мың теңге (1,6 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде 104,3 мың теңгеге (1,3 есе) жеткен. Ең төменгі жалақы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында, мұнда облыстық көрсеткіштің 47,7 пайызына тең. Қарашығанақ кеніші орналасқан Бөрлі ауданында орташа жалақы 182,5 мың теңгеден айналып отыр, бұл облыстық көрсеткіштен 2,3 есеге жоғары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін