Браконьерлерді ұстау кезінде табиғат қорғау полициясының көлігі аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Браконьерлерді ұстау кезінде табиғат қорғау полициясының көлігі аударылды

Браконьерлерді ұстау кезінде табиғат қорғау полициясының көлігі аударылды

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында браконьерлерді ұстау кезінде табиғат қорғау полициясының көлігі аударылып инспектор жарақат алды,

  • 14 Шiлде 2014
  • 458
Фото - Caravan.kz

деп облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, сенбі күні Ақтайлақ ауылынан бес км жерде рейдтік шаралар кезінде бөкенді заңсыз аудау фактісі анықталды.

"Иж-Планета" маркалы мотоцикл мінген браконьерлер полициядан тасаланбақ болған. Олардың артынан қуу кезінде көлік аударылған. Сол кезде жарақат алған полиция қызметкері қолы сынғанына қарамастан екі күдіктіні қолға түсірді.

Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.