Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қызылордалық инспектор марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қызылордалық инспектор марапатталды

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қызылордалық инспектор марапатталды

 

  • 1 Қараша 2019
  • 18
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған «Охотзоопром» инспекторы Әділ Кенжеғұловтың отбасына бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен экология, геология және табиғи ресурстар министрі арнайы барып, ата-анасы мен ағайын-туысына көңіл айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мағзұм Мырзағалиев еске алу митингіне қатысып, Президент жарлығымен III дәрежелі «Айбын» орденін марқұмның отбасына табыстады. «Бүгінде табиғат инспекторларының қызмет бабындағы құзыретін кеңейту, әлеуметтік жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар заңнамаға өзгерту енгізу қарастырылуда», – деді ведомство басшысы. Браконьерлермен күресте жанқиярлық көрсеткен батыр ұланның отбасы ауыр қайғымен бөлісіп, демеу болған ел-жұртқа алғысын білдірді.

Шарапатдин Кенжеғұлов,


Ә.Кенжеғұловтың әкесі:

– Жауапкершілігі жақсы еді ғой өзінің. Ортасында ұйымшыл еді, достары көп болды. Баламызды ескеріп, елеп жатқанына рақмет баршаңызға. Ойда жоқта болып тұр ғой бәрі. Басқа не дейміз енді, көнеміз, амал жоқ, қалай қыламыз.

 

Соңғы жаңалықтар