Бразилиа губернаторы Астанамен достық қарым-қатынастар орнатуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бразилиа губернаторы Астанамен достық қарым-қатынастар орнатуды ұсынды

Бразилиа губернаторы Астанамен достық қарым-қатынастар орнатуды ұсынды

5 маусымда Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Бақытжан Ордабаев Бразилия Федертивтік Республикасы Бразилиа округінің Губернаторы Агнело Дос Сантос Кейроз Фильомен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ.

  • 11 Маусым 2014
  • 727
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына баса назар аударылды.

Б.Ордабаев сұхбаттасын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саясаттағы, әсіресе, ядролық қарусыздану саласына қосқан үлесі мен көшбасшылығы, Дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты бастамалары мен Қазақстанның бүгінгі күні қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалы және экономикасының даму болашағымен толық таныстырды. Сондай-ақ, биыл 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) құру туралы Келісімге қол қойылғанына ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, Губернатор Агнело Кейроз Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздікті нығайту шарасында әлемнің барлық мемлекеттеріне үлгі боларлық мысал екенін басып айтты.

А.Кейроз бүгінгі күні әлемнің ірі мемлекеттері қару-жарақтар шығыстарын арттырып отырса, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен жиырма үш жыл бұрын аймағында өз еркімен ядролық сынақтардан бас тартып, белсенді түрде қарусыздануға күш-жігерін жұмсап жатқаны туралы мәлімдеп, Қазақстанның осындай саясатына жоғары баға беретінін айтып өтті.

Федералдық штат Губернаторы Қазақстандағы, әсіресе Астанадағы түбегейлі өзгерістер Бразилияда да қызығушылық тудырып отырғанын атап өтті. Осыған орай, Бразилиа қаласы, сәйкесінше Бразилияның жаңа астанасы болып табылатынын ескере отырып, екі елдің ірі мәдени орталықтары Астана мен Бразилиа қалалары арасындағы достық қарым-қатынастар орнату мәселесін қарастыруды, сонымен қатар болашақта Бразилиядағы Қазақстанның мәдени күндері мен Қазақстандағы Бразилияның мәдени күндері сияқты бірлескен мәдени іс-шаралар өткізуді ұсынды.